Құрметті Келуші!

Сіз біздің веб-сайтымызға кіргені үшін ризашылығымызды білдіреміз! Егер Сізді қызықтыратын венгрлік - қазақтық саяси, экономикалық, мәдени, дипломатиялық қатынастармен байланысты сұрақтарға жауапты табуға көмегімізді көрсете алсақ, онда үлкен қуанышқа кенелер едік.

Қазақстан және Венгрия арасындағы көпдеңгейлі байланыстар іс жүзінде барлық салада ширақ түрде дамып келеді. Өткен жылдарда, Қазақстан тәуелсіздігі жариялаған мезеттен бастап, дәйектілікпен, екі мемлекеттің бірлескен күшімен қалыптастырылған қарым-қатынастардың нәтижесі ретінде, екі жақты жоғары деңгейде өткізілген көптеген кездесулер жүзеге асырылды. Астана қаласында 2010 жылдың желтоқсан айыңда ұйымдастырылған ҰҚЫҰ саммитіне қатысқан венгр делегацияны Венгрия Республикасының Президенті Др. Пал ШМИТТ мырзаның өзі басқарып бару дерегі осы ұлы орта-азиялық мемлекетіне Венгрия жағынан айрықша қөңіл бөлуінің белгісі деп санауға болады. Екі ел арасындағы бір біріне деген ыстық ілтипаты және мүдделестігі екі жақты: Қазақстан жағынан Венгрияға деген мейірлік біздің күнделік жұмысымызда сезіледі.

Жаңа жағымды құбылыс, бұл Венгрия және Қазақстан арасындағы қатынастырдың бірегей тарихи сипаты, және соның ішінде, ғұндар мен қыпшақтардың бастауы және тамыры ортақ екені, тағы да қоғам және ғылым назарында болып отыр.

Менің жеке пікірім бойынша, Қазақстан – бұл, табысты қатынастар үшін мүмкіншілігі ашылмаған ел: оның орасан үлкен аумағы, алуан түрлі табиғи байлықтары, орасан зор өнеркәсіптік және инновациялық әлеуеті және қайталанбас көпұлттық мәдениеті, біздің әрбір отандасымыз үшін, осы игі бастауда серіктес болуға мүмкіндік береді. Венгрлік – қазақтық қатынастардың осы шағы және болашағы туралы тек бірдей ғана ойламайтын, сонымен қатар, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына өз үлесін ісімен қосуды қалайтын барлық пікірлестердің, ақпараты тұрақты жаңарып тұратын біздің сайтты жүйелі түрде пайдалану мүмкіндігіне ие болуын, маңызды деп есептеймін.

Осы вебсайт, екі ел халықтары арасындағы дәстүрлі достастықтың нығаюына өз үлесін қоса алатынына сенемін. Қазақстанда дипломатиялық міндетті атқару тәжірибесіне сүйене отырып және Қазақстан азаматтарының мүдделері бағытын ескере отырып, сайтта орналасқан ақпарат, жеке тұлғалар үшін де, сонымен қатар, бизнес өкілдері үшін де жақсы бастамалық нүкте болып табылуын, біздің мақсатымыз деп есептеймін.

Сәтті сапар тілеймін!

Имре ЛАСЛОЦКИ
Елші