Сайт картасы
Байланыс
Басып шығару
Мұрағат
English
Magyar
Pусский
Іздеу
Жаналықтар | Оқиғалар
Жаналықтар | Оқиғалар
Навигация
>
Жаналықтар | Оқиғалар
> Рауль Валленбергтi еске алу
Рауль Валленбергтi еске алу
2012 жылдың мамыр айының 31 жұлдызында Қарағанды қаласының Кеншілер Мәдени Сарайында Мажарстан Төтенше және Өкілетті Елшісі Имре Ласлоцки мырза Будапештте фашистік басқыншылық кезінде швед дипломаты ретінде қызмет атқарып он мыңнан аса еврейді құтқарған Рауль Валленбергтің өмірі мен әрекетіне арналған мажар көрмесін ашты. Өз сөзінде Елші мырза Валленберг әрекетін биік бағалады.
2012 жылдың мамыр айының 31 жұлдызында Мажарстан Елшілігі Швеция Елшілігі және Израиль Елшілігімен бірлесіп Қарағанды қаласының Кеншілер Мәдени Сарайында «Кеш жарық, Валленберг мырза!» деген 1990 жылда шығарылған швед фильмнің көрсетуін ұйымдастырды. Фильмнің көрсетуі алдында Мажарстан Төтенше және Өкілетті Елшісі Имре Ласлоцки мырза, Швеция Корольдігінің Уақытша Сенімді Өкілі Манне Вэнгборг мырза және Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Исраиль Мей Ами мырза фашистік басқыншылық кезінде будапешттегі еврейлерді құтқарған Рауль Валленбергтің әрекетін биік бағалады.
2012 жылдың мамыр айының 31 жұлдызында өтетін шір қою рәсiмiне Мажарстан Елшілігінің өкілі ретінде қатысқан Мажарстан Төтенше және Өкілетті Елшісі Имре Ласлоцки мырза мажар әскери тұтқындарының Қарағанды қаласынан 30 километрдегi Спаск қыстағындағы 2000 жылдың мамыр айының 31 жұлдызында Мажарстан үкiметі арқылы орнатылған ескерткiшiне шір қойды. Астанадағы дипломатиялық корпусының басқа мүшелерiмен бiрлесiп бұл жерде қаза тапқан және белгiсiз қабірде жерленген басқа ұлттар өкiлдерiнiң (қазақтардың, немiстердің, корейлердің, жапондықтардың, француздардың, итальяндықтардың, поляктардың, орыстардың, грузиндердің, армяндардың, әзiрбайжандардың, израилдықтардың, латвиялықтардың, румындардың, украиндықтардың, финдердің, словактардың) ескерткiштерiне шір қойылды.
Шараларға Министр Өкілі, Мажарстан СІМінің Орта Азия және Шығыс Еуропа елдерi жөніндегі департаментiнің директоры Д-р Эрнё Кешкень қатысты.
2012.08.15. 10:41:41
© 2006 Министерства иностранных дел Венгерской Республики
Космонавтов көшесі, 62, 010000 Астана, Қазақстан
Отказ
|
E-mail
|
Веб-мастер
|
Наилучший осмотр