Венгрлік «Тоғыз жарым кездесу» көркем кинофильмін көрсету

Венгер Республикасының Еуроодаққа төрағалығына байланысты мәдени шаралар шег-інде, Венгер елшілігі 2011 ж. 11 ақпанда Астанада венгрлік, орыс тіліне синхрондалған, романтикалық «Тоғыз жарым кездесу» фильмін тегін көрсетуді ұйымдастырды. Көрсету, Астананың сауда-ойын сауық орталықтарының біреуінде орналасқан, KinoPark Multiplex Cinemas желісінің, кинозалдарының бірінде өтті. 172 орынға есептелген кинозалда, фильмді шамалы 230 адам көрді. Орын жетпеген кісілер, тұрып немесе кинозалдың баспалдақтарына отырып көрді. Көпшілік, режиссер Тамаш Шаштың (Tamás SAS) 2008 ж. жасалған фильмін, сонымен қатар, көрермендердің назарына ұсынылған „Hungary: World of potentials”деп аталатын бедел-фильмді үлкен ұнатушылықпен және қол шапалақтаумен қарсы алды.